2013-2014

Школа Репетиторства – это уверенный шаг в успешное будущее!

Тогайбекова Мадина
2013-2014 оқу жылының түлегі

Репетиторлық мектеп – жарқын болашаққа сенімді қадам!

Сарсембаева Сымбат
2013-2014 оқу жылының түлегі

Сенім – менің серігім!

Әшім Толғанай
2013-2014 оқу жылының түлегі

Білім басы – бейнет, соңы – зейнет!

Маскенова Айжан
2013-2014 оқу жылының түлегі

Біз өзімізге сенімдіміз!

Сакенова Айдана
2013-2014 оқу жылының түлегі

Доверяй профессионалам – цени надежность!

Нуранов Аслан
2013-2014 оқу жылының түлегі

Знание – это сила!

Токтарова Анель
2013-2014 оқу жылының түлегі

2014-2015

Хочешь получить грант завтра – готовься сегодня!

Аскербекова Алия
2014-2015 оқу жылының түлегі

Сенімділік – күш береді!

Кенжеханов Темірлан
2014-2015 оқу жылының түлегі

Көп білем десең, аздан бастап үйрен!

Жақан Назерке
2014-2015 оқу жылының түлегі

Білікті мамандарға сенгенің – сенімділікті бағалағаның!

Советханов Еркебұлан
2014-2015 оқу жылының түлегі

Ұстаздарымның баға жетпес еңбегіне алғысым шексіз!

Төкен Несібелі
2014-2015 оқу жылының түлегі

Дұрыс таңдалған мамандық – жетістік мерейі!

Мағазбекова Айнара
2014-2015 оқу жылының түлегі

Спасибо за бесценный опыт и знания!

Уваисова Асель
2014-2015 оқу жылының түлегі

Тяжело в учении – легко в бою!

Багенов Ади
2014-2015 оқу жылының түлегі

Өз болашағымды бүгіннен өзім бастаймын!

Қылышбеков Рауан
2014-2015 оқу жылының түлегі

Кез келген табыс – ауыр еңбектің нәтижесі!

Тлеубекова Құралай
2014-2015 оқу жылының түлегі

2015-2016

Лиза Мағауяқызының қарамағындағы Репетиторлық мектеп, оқушыларға орасан зор пайдасын тигізіп қана қоймай, білім нәрімен сусындатады. Бұл мектепті еліміздің үздік дайындық мектептерінің алды десек те болады. Ұстаздардың біліктілігі өте зор.  Мені жақсы дайындады, келгенде 75 балл алған едім, ҰБТ-дан 113 балл алдым.   Осындай мектепте, ынтасы бар, жетістікке жеткісі келетін барлық оқушыларға айтарым: «Ерінбеңдер, аянбаңдар, оқыңдар! Еңбектенсеңдер ғана табысқа  жетесіңдер!»

Уалиакбарова Асем
Лидер Школы Репетиторства
2015-2016 учебного года
ученица СШ имени Нурбаева Тарбагатайского района
113 баллов

Школа Репетиторства КазГЮИУ  – это то место, которое готовит будущих специалистов нашей страны.

Музапарханов Гайса
ученик СШ№ 2 Тарбагатайского района
120 балла

В вашей школе начиная с порога чувствуется уют и ты понимаешь что попал в хорошее и в данный момент нужное место. В 11 классе многие ребята ходят в страхе за предстоящие экзамены, но учась у вас мы начинаем становится более увереннее в плане образования, т.к. я была вдали от дома это было начальной подготовки к студентческой жизни. Педагогический состав работает очень профессионально. Прежде всего хочу поблагодарить Лизу Магауяновну за то что она создала такую прекрасную школу и набрала профессиональных учителей. Учителя объясняют очень доходчиво и интересно. Хочу отметить работу Ирины Анатольевны, Умит Талиповны и Лиза Магауяновны. Большое вам спасибо.

Ержанова Шұға
ученица СШ № 2 Тарбагатайского района
115 баллов

Құрметті түлектер!Менің атым Әділжан, мен 2015-2016 оқу жылы барысында Репетиторлық мектепте дүние жүзі тарихы, қазақ тілі және орыс  тілі пәндері бойынша ҰБТ-ға дайындалдым.  Дайындықтардың басында осы пәндер бойынша көрсеткішім орташа болды, сондықтан Семей қаласындағы ең мықты, білгір ұстаздардың көмегіне жүгіндім. Репетиторлық мектепке үздіксіз жүйелі түрде  барған соң көрсеткіштерім жоғары көтерілді және үздік оқу үлгеріміне қол жеткіздім. КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің  ұстаздарына  және Лиза Мағауяқызына алғысым шексіз!

Шакеров Адильжан
Лидер Школы Репетиторства
2015-2016 учебного года
ученик гимназии № 37
119 баллов

Я могу со смелостью сказать, что данная репетиторская школа – лучшая в городе Семей. Обучение здесь помогло мне достигнуть высоких результатов и сдать ЕНТ. На протяжении всего времени, что я проучилась здесь, со мной работали грамотные преподаватели. Также нельзя не отметить комфортность условий для обучения и теплую атмосферу, что тоже немаловажно. Большую благодарность хочу выразить Лизе Магауяновне, Розе Рахматулловне и Александру Петровичу.

Искакова Томирис
ученица ШЛ № 7
113 баллов

2016-2017

Мен Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Репетиторлық мектебінде 2 жыл бойы білім алдым.  Мектептің ең басты ерекшелігі – жан-жақты білімнің берілуі, әр оқушының жекелей қабілеттерінің ескерілуі, жүйелі түрдегі сабақтардың өткізілуі болып табылады.  Осы мектептің сапалы білімі мен білікті ұстаздарының арқасында ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып, грант иегері атандым! Репетиторлық мектепте білім алу-көздеген мақсатқа жету мен армандардың орындалуының сенімді кепілі!

Сәрсембаева Әйгерім

КазГЮИУ Репетиторлық мектебі менің арманыма қол жеткізуге, яғни Семей қаласының Медицина университетіне грантқа түсуіме көмектесті. Бұл мектепте ҰБТ-ға дайындалуға  барлық жағдайлар бар. КазГЮИУ Репетиторлық мектебіне барсаңыздар еш өкінбейсіздер, себебі, ұстаздардың тәжірибесі мен біліктілігі жоғары. Ол жерде әрдайым жылы шыраймен қарсы алады. Мен ҰБТ-ға дайындығымды 2016 жылдың тамыз айында осы  Репетиторлық мектепте бастадым. Тынбай дайындалып, мектептің тапсырмаларын орындап, ұстаздардың берген  білімі арқасында 131 балл алып, үздік аттестатымды қорғап шықтым. ҰБТ-ны шынымен де сәтті тапсырып, қалаған ЖОО-на түскілеріңіз келсе, КазГЮИУ  Репетиторлық мектебіне баруға кеңес беремін!

Сәрсембаева Ажар

Лиза Мағауяқызы бастаған  репетиторлық мектептің маған тигізген пайдасы – ұшаң теңіз! Мектеп ұстаздарының біліктіліктерінің, мамандықтарына деген махаббаттарының арқасында қаншама түлек өз мақсаттарына бір қадам болса да жақындай түспек. Менің де арманымның  жолында қол ұшын созып, білім көкжиегімді кеңейтуге үлес қосқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Мұғалімдерге, мектепке, түлектерге сәттілік!

Айтмұханбетова Аяулы

Мен ҰБТ-дан 127 балл алып, мемлекеттік білім грантына қол жеткіздім. Сапалы білім, жүйелі дайындық ҰБТ-дан  ойдағыдай өтіп, қалаған оқу орнына түсуге көп көмегін тигізеді.  Сонымен қатар қызықты сәттер де көп болды, жаңа достар таптым. Сабақтан тыс уақытыңда да әр түрлі  тест тапсырмаларын орындап, өз білімімізді шыңдадық. Өз істерінің мамандары Репетиторлық мектеп ұстаздарына  деген алғысым шексіз.

Нұрланқызы Айнұр

«Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деп ұлы ғалым Д.И. Мендедеев айтып кеткендей, өз шәкірттерінің қазіргі заман талабына сай болуын қалайтын ұстазым Лиза Мағауяқызының қарамағындағы  Репетиторлық мектеп қаламыздағы жас талапкерлерге ғылым жолын ашатын алдыңғылардың бірі болып есептеледі. Сонымен қатар, сапалы білім алуға барлық жағдайлар қарастырылған. Осы Репетиторлық мектептен әрбір талапкер жақсы оймен кететіні күмәнсіз. Өйткені қанша жаңа ақпарат алып, білім нәрімен сусындадық. Оның нәтижесі ҰБТ-дан 131 балл алып Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің заң факультетінің студенті атандым.  Алдағы уақытта осы бағытпен білімімді жалғастырамын. Мұғалімдердің біздерге жасаған қамқорлығы үшін ризашылығымды білдіргім келеді.  Жаңарған Қазақстанның қазіргі заман талабына сай оқу  үрдісін жетілдіретін  білім беру орталығының ұстаздарына  қиындығы мен қызығы мол жұмыста табыс тілеймін! 2018 жылдың талапкерлері егер сен осы Репетиторлық мектепте дайындықтан  өтсең келешекке нық қадам басып, дұрыс жол таңдайсың деп сеніммен айта аламын. Сапалы білім  іздесең –  бізге кел!

Ясина Альбина

2017-2018

Хотелось бы выразить огромную благодарность Школе Репетиторства КазГЮИУ и порекомендовать её будущим школьникам и студентам! Именно здесь вы найдете лучших учителей и ни разу не пожалеете об этом. 

Благодаря  упорным и частым занятиям с нашим учителем, я  смогла  сдать ЕНТ! Все учителя школы Репетиторства – это люди, которые знают свое дело и заряжают энергией других, терпеливые, внимательные, но в то же время и требовательные педагоги.

Коллектив Школы Репетиторства КазГЮИУ поздравляю с 5 летием!  Я желаю всем педагогам и администрации школы доброго всем здоровья, неиссякаемой энергии, успехов. Спасибо за всё! Люблю эту школу всей душой и всем советую идти заниматься сюда! С любовью Ерланова Балжан!

Ерланова Балжан
Выпускница 2018 года

Я, Оразгалиева Тогжан выпускница 2018 года  Школы репетиторства КазГЮИУ! Хочу  выразить огромную благодарность всему коллективу Школы Репетиторства за чуткость и внимание к ученикам,  за Ваш позитивный настрой, за внимательность, за Ваш профессионализм и за знания, которые дает ваша школа!!! Они мне очень пригодились на ЕНТ.Так, как выиграла государственный  образовательный грант РК и поступила ВУЗ. У Вас  очень замечательные учителя, у которых не страшно переспрашивать, когда не понимаешь. Процветания вам!

Оразгалиева Тогжан
Выпускница 2018 года

Мен Алгазинова Аяжан, КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің 2018 жылғы түлегімін. Маған  осы мектептің көмегі көп тиді. Бұл мектепте терең біліммен қатар, алдағы үлкен өмір  жолына мотивация береді және де алдағы сынаққа психологиялық тұрғыда көмектеседі. Репетиторлық мектептің  әрбір мұғалімі жүрегімде ерекше орын алды, сіздерге деген алғысым шексіз.  Осы репетиторлық мектептің көмегімен алтын белгімді ақтап және ҰБТ-дан жоғары ұпай жинадым. Құрметті Репетиторлық мектеп ұжымы! Сіздерді  шын жүректен 5 жылдық мерей тойларыңызбен құттықтаймын! Сідерге мол табыс және біз сияқты қуантар жаңалығы көп шәкірттеріңіз коп болғай!

Алгазинова Аяжан
2018 жылғы түлегі

Мен Байботанова Маржан  КазГЮИУ Репетиторлық мектептің  2018 жылғы түлегімін. Репетиторлық мектеп ұжымына шексіз алғыс айтамын! ҰБТ-дан жоғары нәтижеге қол жеткізіп, таңдаған мамандығым бойынша білім грантын жеңіп алдым. Репетиторлық мектепте сабақтар өте жоғары деңгейде жүргізіледі. Білімімізді толықтырып, ой-өрісімізді кеңейтіп бергендеріңізге рахмет! Осы мектептен келгеніме өте қуаныштымын. Көптеген достар таптым! Аз уақыттың ішінде көп ақпарат алдым. Сіздерге  оқушыларыңыз тек биіктерден көріне берсін, жетістіктеріңіз мол болсын деп тілеймін!

Байботанова Маржан
2018 жылғы түлегі

5 жылдық мерей тойына

АРНАУ

 

Толықтырды білімімді еселеп,

Алға тартты болашаққа жетелеп.

Айта аламын, Лиза апай бастаған,

Бұл мектепті «ең сапалы мектеп» деп.

Ыбырайдай жол нұсқады баршаға,

Лиза менен Гүлжай апай-қос ана.

Болашаққа бағдар алған ақ ордам,

Гүлденсін деп, сиынамын Аллаға.

Сусындатқан білімнің нәріменен,

Ұстаздарға мың алғыс шын жүректен.

Мектебім, шашуын қабыл алғын,

Осы өлең арналады шәкіртіңнен!

Сейсенбекова Аяжан
2018 түлегі

Мен Елужанова Ақерке  КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің   2018 жылғы түлегімін! ҰБТ-дан жоғары нәтижеге қол жеткізіп, мемлекеттік білім грантын жеңіп алдым. Репетиторлық мектептің бір ерекшелігі  –  барлық жағдайымыз жасаулы  болды, кез-келген уақытта  өз біліміңді  сынауға да, пән бойынша оқулықтарды  алып жұмыс жасауға да еш  шектеу  қойылмайтын. Сонымен қатар бұл мектептен жақын достар таптым. Сіздерге көп рахмет ұстаздар! КазГЮИУ Репетиторлық мектебін 5 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жана берсін! Білімді де, тәрбиелі түлектеріңіз көп болсын!

Елужанова Ақерке
2018 жылғы түлегі

2018-2019

Мен, Әшімов Аңсар, КазГИЮУ Репетиторлық мектебінде 10-11 сыныптарда 2 жыл математика, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы, физика пәндерінен дайындықтан өттім. Нәтижесінде ҰБТ дан 126 балл жинадым. Лиза Мағауяқызына және Репетиторлық мектеп ұжымына, ұстаздарына алғысым шексіз! Жұмыстарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!  Білімді де озат оқушыларыңыз көп болып, әрқашан биіктен көріне беріңіздер!

Әшімов Аңсар
2019 жылдың түлегі

Мен, Ризабекова Аяжан, КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің 2018-2019 оқу жылының  түлегімін. Шалғайда жатқан Тарбағатай мекенінің тумасымын. Оқу жылының ортасында мен КазГЮИУ Репетиторлық мектебіне дайындыққа келдім. Әрине, басында қобалжыдым. Танымайтын орта, мұғалімдер қандай екен деп. Бірақ, келгенде Лиза Мағауяқызы және Гүлжай Ғалымжанқызы күліп қарсы алды. Әрине, бірден бауыр басып кеттім. Гүлжай Ғалымжанқызының әзілдері, “қыздар шәй ішіп алыңдар”  деп жылы қабақ танытқаны,мотивация бергені, жеке орын алады. Репетиторлық мектепте, біліммен қатар, тәрбие де беріледі. Ұстаздарымыз өте керемет адамдар! Биология, химия, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы пәні мұғалімдеріне алғысым шексіз!  Ең алғаш келгендегі көрсеткішім  60-70 балл болатын. ҰБТ-дан 118 балл жинадым.  Біріншіден, Аллаға, ата-анама және КазГЮИУ Репетиторлық мектеп ұжымына алғысымды білдіргім келеді! Сіздерге Алла разы болсын! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Өрлей беріңіздер!Алдағы түлектерге айтарым:  “ҰБТ- сендердің үлкен өмірге алғашқы қадамдарың. Оны сәтті бастау өз қолдарыңда! Жетістікке жету үшін білім нәрін қайдан алу керек? Әлбетте, КазГЮИУ Репетиторлық мектебінен!”.

Ризабекова Аяжан
2019 жылдың түлегі

Мен, Ғалымбекова Данара, КазГЮИУ Репетиторлық  мектебінің 2018-2019  оқу жылының түлегімін. КазГЮИУ Репетититорлық мектебіне оқу жылы барысының күзгі, қысқы демалыс кездерінде Тарбағатай ауданынан келіп ҰБТ-ға дайындықтан өттім. Аз  уақыт ішінде көп нәрсені тану,білу арқылы мен өзімнің білімімді шыңдадым.Әр сабақ өзінің керемет деңгейінде өтті. Репетиторлық мектеп ұжымына бірінші күннен бастап  құшақ жая қарсы алғандарыңыз үшін рахмет айтқым келеді.Тек қана дәріс беріп қана қоймай, өздерінің тәжірбиелерін айтып, ақыл кеңестерінде беріп отырады. Құрметті Лиза Мағауяқызы, Гүлжай Ғалымжанқызы және де дәріс берген барлық ұстаздарға алғысым  шексіз. КазГЮИУ Репетиторлық мектеп ұжымына мол табыс,  жұмыстарыңыз алға баса берсін және әрдайым оқушыларыңыз сіздердің үміттеріңізді ақтайды деген ойдамын.

Ғалымбекова Данара
2019 жылдың түлегі

Мен, Түсіп Еңлік, КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің 2018-2019 оқу жылының түлегімін.Мен Репетиторлық мектепке анамның құрбыларының кеңесінің арқасында келдім және ешқашан өкінбеймін. Мектепке кіре салысымен бізді Лиза Мағауяқызы мен Гүлжай Ғалымжанқызы  жылы ниеттерімен қарсы алып, пайдалы кеңетерін берді. Оқу жылы басынан Репетиторлық мектепте білім алдым. Репетиторлық мектеп ұстаздары әр балаға ерекше көңіл бөле отырып, тәлім-тәрбие береді. Репетиторлық мектеп ұжымының  әр оқушыға деген үлкен қамқорлығы, iзгi ниеттері үшін, үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке үйреткендеріңіз  үшін үлкен алғыс айтамын. Жас ұрпақты тәрбиелеуге қосып келе жатқан еңбектеріңіз жана берсін. Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөлене беріңіздер!!!

Түсіп Еңлік
2019 жылдың түлегі

Мен, Қабаева Аяулым, КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің 2018-2019 оқу жылының түлегімін. Репетиторлық мектепке 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап дүние тарихы және Адам.Қоғам. Құқық пәндерінен сабақ алуға келдім. Сол айдан бастап ақ нәтижелерім айтарлықтай деңгейге көтерілді. Қуат Аманжолұлы мен Лиза Мағауяқызы берген тәлімінің арқасында байқау сынақтарынан жоғары баллдар алдым. Қаңтар айында таңдауымды өзгертіп, басқа арнаға бұрсам да, КазГЮИУ  Репетиторлық мектебінің есігі мен үшін ашық болды. Ары қарай дайындығымды биология және химия пәндері бойынша жалғастырдым. Бірнеше жерден сабақ алып жүрсем де,Репетиторлық мектептің орны бөлек болды. Барша мұғалімдердің берген білімдері мен Гүлжай Ғалымжанқызының әр кез қолдау көрсетуінің арқасында тамаша көрсеткішке қол жеткіздім.Репетиторлық мектеп ұжымына  көптен көп рахмет айта отырып, еңбектеріне жеміс,жұмыстарына табыс тілеймін!

Қабаева Аяулым
2019 жылдың түлегі

Мен, Уалиакбарова Назерке, КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің 2018-2019 оқу жылының түлегімін. Ұлттық біріңғай тесттілеуден 125 ұпай жинадым. Тесттілеуге  дайындалу үшін КазГЮИУ Репетиторлық мектебін таңдадым, мұғалімдері өте білімді, өз істерінің шеберлері. Күнделікті мектепте онлайн тест тапсырмаларын орындап, қатемен жұмыстар  жасап, жүйелі дайындықтан өттім. Бізге дұрыс бағыт  бағдар беріп, қолдау көрсеткеніне Лиза Мағауяқызы мен Гүлжай Ғалымжанқызына алғысым шексіз.  КазГЮИУ Репетиторлық мектебі білім мен достықтың шаңырағы! Өзіме  көптеген достар тауып,бәріміз бір-бірімізге көмектесіп, нағыз бір үйдің баласындай болдық. КазГЮИУ  Репетиторлық мектебінің барлық ұстаздарына алғыс айтамын!

Уалиакбарова Назерке
2019 жылдың түлегі

Мен,  Шәкеров Жеңіс, КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің 2018-2019 оқу жылының түлегімін. Ең алдымен КазГЮИУ Репетиторлық мектеп ұжымына, Лиза Мағауяқызына, Қуат Аманжолұлына  алғысымды білдіремін! Тарих пәнін  басқа қырынан көрсеткендеріне рахмет айтқым келеді! Жыл бойы осы Репетиторлық мектептен білім алып, ҰБТ- дан жақсы нәтижеге жеттім. Болашақ түлектерге айтар кеңесім, оқу жылы басынан КазГЮИУ Репетиторлық мектебіне жүйелі түрде дайындыққа келіп, дәріс алсаңыздар, үлкен жетістікке жетіп, ата-ананың үмітін ақтайсыздар!

Шәкеров Жеңіс
2019 жылдың түлегі

Мен, Изгуттинова Аружан, КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің 2019 жылғы түлегімін. Осы жылда менің алдымда үлкен сынақ тұрды. Әрине ол ҰБТ. Осы  сынақты тапсыруда мен КазГЮИУ  Репетиторлық мектебінде дайындалуды жөн көрдім. Құрметті КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің ұстаздары! Сіздерге айтар алғысым шексіз. Осы жерде мен білімімді толықтыра отырып, жаңа достар да тауып үлгердім. Өткізілген әр сабақ жоғары деңгейде! Сабақтан кейінгі сникерс туралы тіптен сөз жоқ. Қазіргі сәтті пайдаланып Қуат Аманжоловичке үлкен алғысымды білдіргім келеді. Себебі ол кісі әрқашан бізді қолдап, сабақтарда шаршасақ көңілімізді көтеріп, сапалы біліммен бізді сусындатты. Құрметті болашақ 2020 жылғы мектеп бітіруші түлектер! Алда сендерді ҰБТ атты кішігірім сынақ күтіп тұр. Қорқыныш болмасын! Тек өздеріңе сеніңдер!КазГЮИУ Репетиторлық мектебіне дәріс алуға келіңдер! КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің есігі сіздерге әрдайым ашық! Тек алға!

Изгуттинова Аружан
2019 жылдың түлегі

Мен, Амантаева Аружан, КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің 2019 жылғы түлегімін! Мен дайындықты ертерек бастадым, таңдау пәнім дүниежүзі тариxы болғандықтан ата-анаммен бірге 10 сыныптың соңынан дайындықты бастағанды жөн көрдік. Осы уақыттың ішінде тек қана пәндік сабақтар емес, сонымен қатар өмірлік сабақтар да алдым. Жаңа танысулар көп болды және өзіме бірнеше жақын дос таптым! Сабақ оқып,ойнап жүріп 1,5 жылдың қалай тез өтіп кеткенін байқамай қалыппын. Енді мен үшін ҰБТ-ға дайындалып жүрген кез  ұмытылмас сәттердің бірі болып қалады. Бірінші күннен бастап құшақ жая қарсы алған Лиза Мағауяқызы мен Гүлжай Ғалымжанқызына, бар білгенін үйреткен Қуат Аманжолұлына  ерекше алғысымды білдіргім келеді. Репетиторлық мектеп ұжымы әр оқушыға көңіл бөліп, қиыншылықтар болғанда барлығын түсіндіріп, сонымен қатар бізді бір-бірімізге білімде бәсекелес емес, бір мақсатқа, бір кісідей- бірге ұмтылуды үйретті. КазГЮИУ Репетиторлық мектебіне толағай табыстар тілеймін!

Амантаева Аружан
2019 жылдың түлегі

Мен, Самархан Гүлия, КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің 2019 жылғы түлегімін. Осы оқу жылында бұл мектептен география пәні бойынша сабақ алғанмын. Осы мектептегі білім жүйесі әр білім алған оқушыға зор үлесін қосты. Алған біліміме Репетиторлық мектептің мұғалімдеріне алғысымымды білдіремін. Мен география пәнін оқып жүрген уақытта әрбір сабағымыз пайдалы, әрі қызықты өтетін. Репетиторлық мектептің мықты мұғалімдерімен жұмыс жасағаныма мен қуаныштымын. Алған біліміміз әлі де болашақта керек боларына кәміл сенемін. Алда, КазГЮИУ Репетиторлық мектебіне табыс және асқар шыңды бағындырар оқушыларыңыз көп болсын деп тілеймін!

Самархан Гүлия
2019 жылдың түлегі

Мен, Габдиева Альмира, КазГЮИУ Репетиторлык мектебінің 2019 жылғы түлегімін!
ҰБТ-дан 103 балл жинадым. ҰБТ-ның алдында әрине қорқыныш болды, бірақ бір жыл бойы қосымшаларға барғанның  арқасында өзіме сенімді болдым. Осы Репетиторлық мектепте өзіме жаңа достар таптым. Балалармен тез араласып кеттік. Лиза Мағауяқызы бізге жетекшілік жасап, сабақтарымызға қатысып, бізді  шынықтырып жүргені үшін алғысымды білдіремін! Алған біліміміз үшін Куат мұғалімге  рахмет, Гульжай апай сізге де берген ақыл кеңесіңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін!ҰБТ-ға дайындық барысында әр түрлі қиындықтарға мен де, достарым да психологиялық жағынан осы мектепте оқып жүріп дайын болдық! Улкен рахмет сіздерге!

Габдиева Альмира
2019 жылдың түлегі

Мен, Нұртасқызы Айжан, 2019 жылдың түлегімін. ҰБТ-дан 133 балл жинап, “Алтын белгімді” қорғадым. Осы ретте мен өзімнің білімімді шыңдаған КазГЮИУ Репетиторлық мектебі туралы ойымды жазғым келеді. Бұл Репетиторлық мектепке мен 2018 жылдың қараша айынан бастап келіп,  осында білім алдым. Осы мектептің маған тигізген пайдасы өте көп. 11 жыл оқыған материалдарымның ұмытқан жерін есіме түсіріп, ең бастысы сапалы білім берді. Әр күн сайын осы мектепке барып өзіме керек көптеген тың деректер арқылы білімімді шыңдадым. Репетиторлық мектеп ұжымында өте білікті ұстаздар жиналған. Лиза Мағауяқызы бастаған КазГЮИУ Репетиторлық мектеп ұжымына зор алғысымды білдіремін! Сапалы білім іздеген түлектерге мен ойланбастан өзім жүйелі дайындықтан өтіп,  жоғары көрсеткішке жетуіме үлесі зор КазГЮИУ Репетиторлық мектебін ұсынар едім.

Нұртасқызы Айжан
2019 жылдың түлегі

Қадірлі де, сүйікті Репетиторлық мектеп ұстаздары мен оқытушылары!!! Біз сіздер берген тәрбие мен тәлімді әр уақытта ұмытпаймыз. Сіздерге әрдайым мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Барлық уақытта да шәкірттеріңіздің ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіздер! Сіздермен өткен 11 айым естен кетпес шаққа айналды.Әр күнімізді тиімді әрі жемісті өткізгендеріңіз үшін Репетиторлық мектеп ұжымына алғыс білдіреміз!Ең бастысы өз білімімізге сенуді үйреттіңіздер,бұл дүниеде ақша емес білім арқылы,өз еңбектеріміз арқылы биіктерді бағындыра алатынымызға көз жеткіздіңіздер! Осы мектепке келгеніме өкінбеймін! Жолымда кездескен, ақылдарын аямайтын Лиза Мағауяқызына және Гүлжай апайға мың алғыс!Білімдегі әкем болған Қуат Аманжолович,сенімділікке үйреткен аяулы Бақыт ұстаздарыма раxмет!

Орынтаева Назерке
2019 жылдың түлегі