Жаңалықтар

КазГЮИУ Репетиторлық мектебіндегі  ONLINE «Ашық есік күндері»

КазГЮИУ Репетиторлық мектебіндегі  ONLINE «Ашық есік күндері»

2020 жылдың 3-13 желтоқсаны аралығында КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде онлайн тәртіптемесінде  мектеп бітіруші түлектер мен колледж студенттеріне арналған  «Ашық есік күндері» өтті. Бұл іс –шараны өткізудің негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектердің білім деңгейін арттыру және кәсіби бағдар беру.  Шараға ШҚО аудандарының  5 мектебінің (Абай, Аягөз, Үржар, Курчатов, Көкпекті) және Семей қаласының  8 мектебінің  (Жас Ұлан, №3, № 39, № 31, №19, №22, №47, Түрксіб ОМ ) түлектері қатысты. Ic-шара ашылуында Репетиторлық мектеп мамандары 2021 жылдың түлектеріне ЖОО –на қабылдау, білім беру бағдарламалары және Репетиторлық мектепте оқыту ерекшеліктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, мектеп бітірушілер психологиялық тренингтерге қатысып,  болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға кеңестер алды.  Ашық есік күндері кезінде талапкерлерге бекітілген сабақ кестесі бойынша ZOOM, SKYPE  платформаларында Репетиторлық мектеп оқытушылары ҰБТ-ның барлық пәндерінен қазақ және орыс тілдерінде сабақтар жүргізді. Іс- шараның тағы бір ерекшелігі талапкерлер mektep.5plus.kz сайты арқылы  байқау сынағынан өтіп, өз білімдерін   тексеруге мүмкіншіліктер алды.

Түрксіб орта мектебінің 7  түлегі  және 2021 жылдың қаңтар айындағы кешенді тестілеуге қатысатын, КазГЮИУ-ді таңдаған 25 студент, онлайн тәртіптемесінде байқау тестілеуінен өтті.

Талапкерлер Репетиторлық мектептің ҰБТ–ға дайындық жүргізу барысындағы курс тыңдаушыларына берілетін барлық мүмкіншіліктерімен таныстырылды.