Жаңалықтар

Репетиторлық мектептегі ашық есік күндері: «Күзгі демалысты тиімді өткіз!»

Репетиторлық мектептегі ашық есік күндері: «Күзгі демалысты тиімді өткіз!»

 ҚазИГЗУ Репетиторлық мектебінде  еліміздегі  болып жатқан пандемияға байланысты мектеп  және колледж түлектеріне  ҰБТ-ға  дайындық курстары онлайн тәртіптемесінде жүйелі түрде жүргізілуде.  2021 жылдың талапкерлері ҰБТ-ға дайындық барысында  көбінесе бейінді пәндерге назар аударып, көп көңіл бөлуде. Күзгі демалыс кезінде қала мектептерінен және  Тарбағатай, Абай аудандарынан  20 – дан  астам мектеп оқушылары биология, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы, география пәндерінен кеңестер алып, байқау сабақтарына қатысты.

Байқау сабақтарында оқушылар ҰБТ-да кездесетін тест тапсырмаларымен танысып, таңдаған пәндері бойынша білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар,  2020 жылдың 10 және 14 қараша  күндері Репетиторлық мектепте дайындықта жүрген оқушылармен аудан оқушыларына психологиялық тренингтер  жүргізілді. Тренинг тақырыптары:  «Өзіңнің қорқынышыңды басқар», «Мен және мені қоршаған орта». Тренингтердің мақсаты: оқушыларға қорқыныш сезімі туралы мағлұмат бере отырып, түрлі жаттығулар арқылы бойындағы қорқыныш сезімдерін жою, өздеріне сенім арттыру, қоршаған ортаны және өзін-өзі тани білу, өзара қарым-қатынастарын нығайту, өзіне баға беру дағдыларын қалыптастыру.

Тренингке қатысқан мектеп бітіруші түлектерге сергіту, мотивация жаттығулары және  салған суреттері мен қимыл іс-әрекеттеріне сүйене отырып, психологтың  берген мінездемелері ұнады.