Жаңалықтар

КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде білім алып жатқан оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді

КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде білім алып жатқан оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді     

 2019-2020 оқу жылы барысында  КазгЮИУ Репетиторлық мектебінде білім алып жатқан оқушыларға “ҰБТ-ға жүйелі дайындық-білім сапасын арттырудың негізі”  атты өзекті тақырып  аясында ақыл-кеңестер  берілді. ҰБТ-ға дайындық кезеңінде талапкерлерге бейінді пәндерге баса назар аудару керектігі айтылды.  Сонымен қатар Репетиторлық мектеп оқушыларымен “Мамандық таңдау-маңызды іс”, “Оқытушы-оқушы көзімен” атты сауалнамалар жүргізілді. Бұл сауалнамалар талапкердің өзін-өзі  танып білуіне, жеке тұлға болып қалыптасуына, мамандықты, білім алу ордасын дұрыс таңдау өте маңызды іс екенін түсінуге мүмкіндік берді.