Жаңалықтар

КаЗГЮИУ Репетиторлық мектебі 2018-2019 оқу жылын қорытындылады.

КазГЮИУ Репетиторлық мектебі 2018-2019 оқу жылын қорытындылады.

КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде дайындықтың төрт сатысы  ұйымдастырылған. 5-8 сынып оқушылары үшін «Олимпиадалық резерв» арнайы бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мұнда оқытушылар  дарынды балалардың ой-өрісін кеңейтуге, білім деңгейін арттыруға көмектеседі.            9-сынып оқушылары үшін мемлекет  аралық бақылау пәндері бойынша толық дайындық жүргізіледі. Сондай-ақ ҰБТ тапсыратын 10-11 сынып оқушылары үшін де арнайы  бағдарлама қарастырылған. Атап айтқанда: дайындықтың соңғы сатысы  университет студенттері мен өзге де жоғары оқу орындарының студенттеріне кеңес беру.

6 жыл ішінде КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде Семей қаласы мен ШҚО аудандары мектептерінің 2000 астам оқушысы дайындықтан өтті. 2018-2019 оқу жылында 300-ден астам түлек білім алды.  10 оқушы  “Алтын белгіні” растады. 2019 жылғы ҰБТ-ның орташа көрсеткіші 92 баллды құрады.

2019 жылы 2 шілдеде “Жоғары оқу орны – болашақтың айқын бағдары” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында талапкерлер ЖОО-на қабылдау ережелерімен және КазГЮИУ  қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты.

КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің дәстүрі бойынша мектептің көшбасшысы анықталып, оқу озаттары марапатталды.

Түлектер сонымен қатар, КазГЮИУ Репетиторлық мектеп ұжымы тарапынан оқушыларға жағымды  көңіл-күймен,  эмоционалдық қолдауы әрдайым  жүргізілетінін атап өтті. Оқушылар мен ата-аналардың пікірі бойынша Репетиторлық мектепте өз ісінің мамандары қызмет атқарады.

КазГЮИУ Репетиторлық  мектебінде  оқушыларға кәсіптік бағдар беру,  тұлғаны қалыптастыру және талапкерлерді студенттік  ұжымдағы  оқу жұмыстары мен әлеуметтенуге  бағытталған жұмыстар жүргізіледі.