Жаңалықтар

КазГЮИУ репетиторлық мектебінде қала және аудан оқушыларына жаңа форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жүйелі түрде жүргізілуде!

2016-2017 оқу жылы барысында КазГЮИУ репетиторлық мектебінде түлектерге ЖОО-на түсу үшін  жаңа форматтағы ҰБТ–ға  дайындық бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ,  күзгі, қысқы және көктемгі каникул кезінде  шалғай аудан (Аягөз, Үржар, Тарбағатай, Абай, Абралы) оқушылары   КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде  өздері таңдаған пәндерден  сапалы  білім алды.   Жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындық барысында 2017 жылдың талапкерлеріне қабілеті, бейіні бойынша  әдістемелік, техникалық және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетілді. Білімдерін бақылау мақсатында интерактивтік 5+ бағдарламасы бойынша тренингтер  өткізілді. «ҰБТ-ны тапсырудың жаңа форматы» тақырыбында мамандықтар туралы арнайы жасалған кітапшалар табыс етілді.  2017 жылдың 30  наурыз күні  Репетиторлық мектеп оқушылары  іргелі оқу орны Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің  әскери кафедрасына және студенттер үйіне барып, студенттердің өмір – тұрмысымен танысты.   Бас ғимараттың «Универ» кафесінен  студенттік түстік ас ішті. Талапкерлердің басым бөлігі дүние жүзі тарихы, физика және биология пәндерін таңдаған. Репетиторлық мектеп ұстаздары Лиза Мағауяқызы, Қуат Аманжолұлы, Эльмира Тұрсынбекқызы, Балғын Сембайқызы т.б. оқушылар өз ризашылығын білдірді. 2017 жылдың талапкерлеріне ҰБТ-да сәттілік тілейміз!