Жаңалықтар

КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде бітіруші түлектерге арналған мерекелік іс-шара өтті.

2016 жылдың 10 маусымында КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде бітіруші түлектерге арналған кездесу ұйымдастырылды. Салтанатты кешке  университеттің тәрбие ісі және әлеуметтік  жұмыстар жөніндегі проректоры  Базенов А.Б., стратегиялық даму жөніндегі проректоры Жампеисов Д.А. және кафедра оқытушылары қатысты. Түлектер Репетиторлық мектеп директорына және оқытушыларына зор алғыстарын білдірді. Мерекелік жиын барысында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне қабылдану ережесі және шетелдік әріптес университеттер туралы сұрақтар талқыланды. Түлектердің көбі дәл осы КазГЮИУ-да оқимын деп шешім қабылдағандарын айтты. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Репетиторлық мектебінде дайындықта жүріп терең, әрі сапалы білім нәрімен сусындап заңғар асуларды бағындырғандарын сөз етті.

2015-2016 оқу жылында  Репетиторлық мектепте 300 –ге жуық оқушы дайындықтан өтті. Түлектер үкілі үміттерімізді ақтады. Жауапты сында  биіктен көрінді. ҰБТ қорытындысы бойынша 40–тан астам оқушы жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Аталмыш сынақтан сүрінбей өткен Репетиторлық мектеп оқушыларының білім сапасының орташа көрсеткіші 89 баллды құрады.

Ерекше атап өтетін  мақтаныштарымыз: «Алтын белгі» иегерлері және үздік  нәтижеге ие болған Қанатова Адия, Серғалиев Диас, Уалиакбарова Асем, Шәкеров Әділжан, Ержанова Шұға, Искакова Томирис, Ғазизова Еркежан,  Нұрғалиева Дана, Әбеуов Нұрмұхаммед, т.б.

Түлектерімізге арналған жиында  Грузия және Қытай мемлекеттерінде, Қазақстанның алдыңғы қатарлы университеттерінде білім алып жүрген Репетиторлық мектептің 2013, 2014, 2015 оқу жылдарының  түлектері мектеп бітірушілеріне  арнап онлайн құттықтауларын жолдады.

Мерейлі кештің соңы түлектерге КазГЮИУ ректорының атынан  арнайы жайылған мерекелік дастарханға ұласты.

Іс-шараның барлық фото осы сілтемеде.