Жаңалықтар

КазГЮИУ Репетиторлық мектебі 2016-2017 оқу жылын қорытындылады

2016-2017 оқу жылы барысында Репетиторлық мектепте 300-ге жуық қала және аудан оқушылары ҰБТ–ға дайындық курстарынан өтті. Түлектер үкілі үміттерімізді ақтады. Жауапты сында  биіктен көрінді. ҰБТ қорытындысы бойынша    50–дан астам оқушы жоғары нәтижелерге қол жеткізді. ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп түлектерінің білім сапасының орташа көрсеткіші 85,7 балды құрады.

2017 жылдың 27 маусымында КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде бітіруші түлектерге арналған дәстүрлі соңғы қоңырау мерекесі өтті. Мерекеге  университет ректорының кеңесшісі  Алма Мұқайқызы  және  гуманитарлық факультет деканы Шынар Ботайқызы қатысты. Түлектерге мамандық таңдауда өз кеңестерін айтты. Соңғы қоңырау мерекесінде Репетиторлық мектеп көшбасшысы мен оқу озаттары анықталды. Ерекше атап өтетін  мақтаныштарымыз: Сарсембаева Әйгерім, Сарсембаева Ажар,  Ақылбеков Бақытбек, Оразбаева Дәрия, Ясина Альбина, Аримбекова Алия, Муффмин Айя, Борашев Дидар, Тұрсынқанов Нұрай, Хамитова Сая, Тлеубекова Әйгерім, Аринова Жанбота. Түлектер Репетиторлық мектеп директорына және оқытушыларына шын жүректен зор алғыстарын білдірді.

Түлектер   Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Репетиторлық мектебінде дайындықта жүріп терең, әрі сапалы білім нәрімен сусындап заңғар асуларды бағындырғандарын сөз етті. «Бұл мектепті еліміздің үздік дайындық мектептерінің бірі десек те болады. Ұстаздардың білімі және  біліктілігі өте зор» деп өз пікірлерін айтты.

Мерекелік жиынға Репетиторлық мектептің өткен оқу жылдарының түлектері арнайы келіп қатысты.

Шет елдерде білім алып жүрген түлектер онлайн құттықтауларын жолдады. Сонымен қатар дәл осы КазГЮИУ-да оқимын деп шешім қабылдаған түлектер сый сияпаттарға ие болды

Мерейлі кештің соңы түлектерге КазГЮИУ ректорының атынан  арнайы жайылған дәстүрлі мерекелік дастарханға ұласты.