Жаңалықтар

Болашақ мемлекеттік білім гранты иегері болам десең, бүгіннен бастап дайындал!

КазГЮИУ Репетиторлық мектебіндегі «Ашық есік күні»

2016 жылдың 17-18 мамырында КазГЮИУ Репетиторлық мектебі 9-10  сынып оқушыларына  «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шараға  қала мектептерінің оқушылары және № 3 мектеп-интернаты, Шақаман, Пригород ауыл мектептерінен жалпы 100-ге тарта  балалар қатысты.

Оқушыларға  Репетиторлық мектептің материалдық базасы және ҰБТ-ға дайындық жүргізу жүйесі таныстырылды.

Бекітілген сабақ кестесі бойынша мектептің репетитор-оқытушылары қазақ және орыс тілдерінде математика, Қазақстан тарихы және таңдаған пәндері бойынша сабақтар жүргізді.

Талапкерлер  Репетиторлық мектептің ҰБТ–ға дайындық жүргізу барысындағы өз оқушыларына беретін барлық мүмкіншіліктерімен танысуға мүмкіндік алды.

Мектеп директоры –  Л.М. Жампеисованың айтуынша, білікті педагогтардың жаңа технологияларды қолдана отырып жүргізген жүйелі дайындығы және  оқушылардың өздігінен саналы ұйымдастырылған  жұмысы жақсы нәтижелер береді. Бұны алдыңғы жылдар  тәжірибесі дәлелдейді.

2014-2015 оқу жылында барлық  Репетиторлық мектеп түлектері ЖОО –на түсті. Оның ішінде 70 оқушы мемлекеттік білім гранттарының иегері атанды.